BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының құрылғанына 5 жыл

Фото: portaldoenvelhecimento.com.br

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырылған тәсілдеме» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан паллиативтік жәрдем қауымдастығының президенті, «Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлнар Кунирова Қазақстандағы әр адам өмірге қауіп төнген диагнозға тап боғлан адамдар ауруынан тексерілген дәрі-дәрмектерге, басқа да ауырлық симптомдарды басудың тиімді әдістеріне, хоспистер мен паллиативтік бөлімшелердің қызметтеріне, дәрігерлерді, медбикелерді, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қамтитын кәсіби мультидисциплинарлық топтарға қол жеткізуге мүдделі екенін айтты.

«Биыл қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Біздің елімізде паллиативтік жәрдемнің үздік стандарттарын енгізу идеясына берілген адамдарды біріктірудің және депутаттық корпус пен онкологиялық қоғамдастықтың қолдауының арқасында денсаулық сақтау министрлігінің осы саладағы кормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі бірқатар іс-шаралардың арқасында паллиативтік жәрдем одан әрі дамыту үшін қуатты серпін алды», - дейді Гүлнар Кунирова.

Еске сала кетсек, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Астана әкімдігінің Онкология орталығы ұйымдастырғанын жазған болатынбыз.

Анықтама үшін

Паллиативтік көмек дегеніміз – қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозқа қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту. Қосымша қолдау деңгейімен қамтамасыз ету үшін, паллиативті көмек дәрігерлермен, медбикелермен және басқа мамандармен бірге көрсетіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер