BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бес ананың сұрауы: Даун синдромы бар балалар орталығына демеуші іздейміз

Фото: Гүлжан Раманкулова

Астана, Вaq.kz тілшісі. Елордадағы «Күн әлемі» оңалту орталығына қаржылай көмек көрсететін демеуші керек. Бұл туралы орталық құрылтайшыларының бірі Евгения Чеботаревская айтты.

Осы уақытқа дейін орталықта оңалту курсынан 250 бала өтті. 3 айлық курста балалар 8 арнайы кабинетте сабақ өтеді, жаттығу жасап, ән айтады.

«Орталығымыздың нәтижесі көп. Тілі шықпай жүрген балалар сөйлеп кетті. Осыдан шамамен екі апта бұрын бір баланың тұсауы кесілді. Барлық балада нәтиже бар. Орталықта қазір 8 кабинет бар: еңбек терапиясы, ойын терапиясы, ИЗО, дефектологтар, логопедтер, массаж кабинеті, Монтессори, музыка терапиясы, ЛФК. Әр курс үш ай болады. Егер бала қайтып келсе, онда олардың құжатын қайта көтеріп, даму динамикасын тексереміз», - деді «Күн әлемі» қоры құрылтайшыларының бірі Мария Федорова журналистерге оңалту орталығын таныстыру барысында.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Енді оңалту орталығына демеуші іздеуде. Құрылтайшылар түрлі грантқа қатысуды көздеп отыр. Себебі мемлекет бұрынғыдай белсенді көмек көрсетпейді. Ал қор құрылған кезде Зағипа Бәлиеваның (Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл – ред.) бастамасымен «Асыл бала» республикалық қауымдастығы орталықты ашуға көмектескен. Оңалту орталығы қауымдастықтың пилоттық жобаларының бірі болған.

«Кейде жолымыз болып кетеді. Мысалға, қыста елшілердің әйелдерінің жәрмеңкесінде біздің өтінішімізді қолдап, Монтессори жабдығын алып берді. Бірақ қызметкерлерге айлық беру, коммуналдық қызметтерді төлеуге қиналамыз. Біз қызметімізді әрі қарай жалғастыру үшін ай сайын түрлі ұйымға барамыз. Мұндай үлкен штатты қаржымен қамтамасыз ету қиын», - дейді құрылтайшылардың бірі Евгения Чеботаревская.

Фото: Гүлжан Раманкулова

«Мемлекет бізді қолдағанын қалаймыз. Бізді бюджетке қосқанын сұраймыз. Барлық дерлік мемлекеттік мекемеге хат жазамыз. Парламент, Президентке де хат жолдадық», - деп қосты Мария Федорова.

Бүгін орталыққа Beeline компаниясы тегін интернет қосып берді. Енді орталықтағы мамандар еліміздің аймағында отырған отбасыларға онлайн кеңес бере алады. Компания бұл мақсатта, жанама шығындарды қоспағанда, 175 млн теңге жұмсап отыр.

Фото: Гүлжан Раманкулова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер