BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Beeline «Күн әлемі» орталығына тегін интернет қосып берді

Фото: Гүлжан Раманкулова

Астана, Вaq.kz тілшісі. Елордадағы «Күн әлемі» оңалту орталығына Beeline компаниясы тегін интернет қосып берді. Енді орталықтағы мамандар еліміздің аймағында отырған отбасыларға онлайн кеңес бере алады. Компания бұл мақсатта, жанама шығындарды қоспағанда, 175 млн теңге жұмсап отыр.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін «Күн әлемі» қорын ерекше балалардың аналары екі жыл бұрын құрған. Кейін олар осы қор аясында медициналық және психологиялық көмек көрсететін, әлеуметтік қорғау және оңалту курсын жүргізетін, тегін кеңес беретін орталық ашады. Бұл жерде мәдени және спорттық шаралар да ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін оңалту курсынан 250 бала өтті.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Бүгін дәл осы орталыққа Beeline Қазақстан компаниясы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық жобасы аясында тегін интернет сыйлады.

«Біз Beeline компаниясымен ынтымақтастығымыздың арқасында орталық жұмысына жаңа мүмкіндіктер ашылғанына қуаныштымыз. Енді «Күн әлемі» оңалту орталығының мамандары Қазақстанның түкпір-түкпіріне онлайн кеңес бере алады. Бұл дегеніміз ерекше балаларды өсіріп отырған отбасыларға үлкен көмек екенін білеміз», - дейді «Күн әлемі» ҚҚ құрылтайшы аналардың бірі Марина Федорова.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Ал Beeline компаниясының корпоративті бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Кабдрахимов «Шексіз мүмкіндіктер» жобасындағы жобалардың көбейгенін айтты.

«Біз бұл жобаны төрт жылдан бері жүргізіп келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы мектептер, оңалту орталықтары, кітапханалар интернетке осылды. Бұған дейін 25-ке жуық ұйымның жұмысына бей-жай қарай алмадық. Олар заманауи технологиялардың арқасында үлкен жетістікке жетіп келе жатыр. Енді міне «Күн әлемі» орталығы да біз тегін интернет ұсынатындардың қатарына қосылды. Енді интернеттің арқасында олардың жұмысы тез әрі сапалы жүріп, мұғалімдер мен тәрбиешілерге үлкен жәрдем болады деген үміттеміз», - деп айтты Рауан Кабдрахимов.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Beeline Business корпоративті брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылы бастау алған. 2016 жылдан бастап жоба тек тегін интернет ұсынып қана қоймай, көмек беретін ұйымдарына жиһаз бен техникалық жабдық алып беруді қолға алған. Сондай-ақ, жобаға қатыстыратын ұйымдарды 3 талап бойынша таңдайды.

«Негізінде, бізден көмек сұрайтын ұйымдарды біз үш басты критерий бойынша таңдаймыз. Біріншіден, ол ұйымның қызметін – шынымен игі іс жасап жатыр ма, соны тексереміз. Содан соң оларға интернеттің қаншалықты қажет екенін қараймыз. Үшіншіден, біз ол жерге интернетті қоса аламыз ба, яғни өзіміздің мүмкіндігімізді тексереміз», - деді коммерциялық директор.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Рауан Кабдрахимов интернет қосқан кезде компания қанша теңге шығындалатынын да айтты.

«Бүгінгі күнмен есептесек, егер біз осы қызметті коммерциялық тұрғыдан іске асырсақ, онда Beeline 175 млн теңге пайда табар еді. Бұл - тек интернет берген кездегі түсетін табыс. Интернеттен бөлек, әр объектіде оны қосу үшін құрал-жабдық, саймандарға 1-2 млн теңге жұмсалады. Сонымен қатар, «Шексіз мүмкіндіктер» жобамыз - Veon тобының «Make Your Mark» («Өз ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік бастамасының Қазақстандағы флагманы. Қазір осы жоба аясында ел бойынша 2500-ге жуық бала интернетті пайдаланады. Қатысушылар тізімінде Қазақстанның 15 қаласынан 26 ұйым бар», - деп бөлісті Рауан Кабдрахимов.

Фото: Гүлжан Раманкулова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер