BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бастапқы медициналық көмек жөнінде Астана декларациясы қабылданады 

Қазан айында бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бойынша Астана декларациясы қабылданады7 Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында қазақстандық делегация – Денсаулық сақтау министрлігі 1978 жылғы Алматы декларациясының 40 жылдығына орай осы жылы Астанада бастапқы медициналық-санитариялық көмек бойынша жаһандық конференция өткізуді ұсынған болатын. Біздің бастамаға қолдау көрсетіліп, қазір біз аталған конференцияға дайындықтың соңғы кезеңдерін жүргізіп жатырмыз. Конференция мәртебесі жаһандық болғандықтан, оған Денсаулық сақтау ұйымының барлық 6 өңірінен келген делегаттар қатысады», - деді министр.

Елжан Біртанов Астанада өтетін жаһандық конференцияға 120 мемлекет шақырылғанын айтты.

«Конференцияға 120 мемлекетке шақырту жолданды. Қазіргі уақытта 80 мемлекет конференцияға қатысатындарын растады. Конференция барысында Алматы декларациясының 40 жылдығына басымдық беріліп, сондай-ақ, аталған декларацияны жүзеге асыру бойынша жаһандық деңгейде не жасалғаны туралы қорытындылар келтіріледі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы әлемдік қарқынды есепке ала отырып, өткен жылы біз бастапқы медициналық-санитариялық көмекті әлем бойынша дамытудың негізгі бағыттарын анықтайтын декларация әзірлеуді ұсындық. Осыған байланысты Астана декларациясының жобасы әзірленді. Осы орайда, жаһандық конференция барысында бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бойынша Астана декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр», - деді Біртанов.

Айта кету керек, 40 жыл бұрын медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту мақсатында, алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясы қабылданған болатын. Осыған байланысты, 2018 жылдың 25-26 қазанында Астанада ДДСҰ мен БҰҰ БҚ алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған үлкен жиын өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер