BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бас онколог: Қазақстанда жыл сайын 35 мың адам қатерлі ісік дертіне шалдығады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанадағы Ұлттық онкологиялық зерттеу орталығына ең жаңа заманауи құрал-жабдықтар әкелінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл онкологиялық орталықтың құрылысы басталды. Жаңа медициналық мекеме рак ауруларын диагностикалау мен емдеуге, оның ішінде лазермен, сәулелік, жасушалық-иммундық терапия және басқа дп заманауи әдістерді қолдану үшін озық технологияларды пайдаланады.

"Астанадағы жаңа Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы біз үшін маңызды және басты міндет. Біздің елде шын мәнінде жетіспейтін жабдықтармен жабдықталған заманауи орталық құруға қажеттілік туындап отыр. Мемлекет басшысы онкологиялық науқастарға жоғары тиімді медициналық көмек көрсетуді ерекше атап өтті. Бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда қатерлі ісік ауруының өсуі байқалып келеді. Жыл сайын елімізде 35 мыңға жуық қатерлі ісікауруының жаңа жағдайы тіркеледі. Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында елімізде онкологиялық аурулардың өлім деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатыр. Біздің міндетіміз - өмір сүру ұзақтығын арттыру және онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау", - дейді Диляра Қайдарова.

Астанадағы жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының жалпы өткізу қабілеттілігі жыл сайын 8 мыңға жуық науқасты құрайтын болады деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер