BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бас дәрігер: Жолдаудағы міндеттер әлеуметтік саланың дамуын жаңа белеске көтереді

«Алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 процентіне дейін жеткізу деген міндеттер еліміздегі әлеуметтік саланың дамуын жаңа белеске көтереді деп ойлаймын», - деді Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қайрат Жетібаев Baq.kz тілшісіне берген сұхбат барысында.

«Елбасының әр жылғы Жолдауы - тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Қазан Жолдауы әр қазақстандықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап берді. Президент халықтың тұрмыстық сапасын арттыруға қатысты маңызды ойлар айтып, ол халықтың медициналық-әлеуметтік ахуалына әсер ететін маңызды компонент екендігіне баса назар аудартты. Елбасының алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауылдық жерлерге қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтуы, осы салада еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы берген тапсырмасы денсаулық сақтау жүйесіне серпін берері сөзсіз», - деді маман.

Бас дәрігер көптен бері өз шешімін таппай келе жатқан медициналық мекемелердегі құжаттарды цифрлы нұсқаға көшіру ісі де алдағы жылы қолға алынатынын маңызды жайттың бірі екенін айтты.

«Өйткені, бұл кешенді шара дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыра түседі. Сонымен қатар, алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10 процентіне дейін жеткізу деген міндеттер еліміздегі әлеуметтік саланың дамуын жаңа белеске көтереді деп ойлаймын. Алдағы уақытта халықты емдеудің жаңа әдістері мен жаңа технологияларын қолдана аламыз. Елбасы айтқандай, шетелден ем іздемей, барлық емнің түрлерін елімізде алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, білікті, білімді жас мамандардың қызығушылығын арттыруға толық жағдай жасалады деп ойлаймын», - деп медицина маманы өз ойымен бөлісті.

Жетібаевтың айтуынша, Елбасы Жолдауында айталған ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселесі облыста қолға алынған шаруа болып отыр. Қазіргі күнге ауылдық жерлерге қажетті 95 денсаулық сақтау нысанын 3 жыл көлемінде мемлекеттік-жеменшік әріптестік аясында шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

«Сонымен қатар, Елбасымыздың Жолдауынан туындаған онкологиялық қызметке де облысымызда баса назар аударылуда. Биылғы жылы облыстық онкологиялық диспансер құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жалпы, Елбасы Жолдауында айтылған барлық бағыт өте маңызды және олардың халыққа берері мол. Енді тек белгіленген жоспарлы жұмыстарды сәтті жүзеге асырып, жемісін көру қажет. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр», - деп түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер