BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада «Сау әдеттер марафоны» акциясы өтті

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге Сау әдеттер марафонын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сау әдеттер марафоны» акциясы қалалық мәслихат депутаттарының, меслекеттік қызметкерлердің, медициналық қоғамдастықтың, спортшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың және елорда тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен «Денсаулық кепілі - Будь здоров! - Be healthy!» ұранымен өтті.

Іс-шара бағдарламасы аясында флэшмоб, шатыр астында Денсаулық қалашығының жұмысы, шұғыл жәрдем дағдыларына үйрету шаралары ұйымдастырылды. Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істеді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті.

«Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажеттігіне назар аударғанын атап өтті. Жолдауды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықты салауатты өмір салты қағидаттары туралы ақпараттандыруға бағытталған қоғамдық денсаулықты нығайту жөнінде Жоспар әзірледі», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының бас директоры Уалихан Ахметов.

Ол сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырғанын және "Challenge Сен басқасың!" спорттық бастамасын қолдағанын айтты.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік негізінде халықтың мінез-құлықтық стереотиптерін оқу-ағарту, консультациялар, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулығын сақтау мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарапайым іс-әрекеттер әр адамға аурудың алдын алуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бас қаламыздың 20 жылдығы аясында Астана Сау әдеттер марафонын бастап, эстафетаны еліміздің басқа да өңірлеріне беруде.

Сау әдеттер марафоны аясында дастарханнан тұз солонкасын алып тастау; тәулігіне 2 литр су ішу; күнделікті 10 000 қадам жүру сияқты ұсыныстар жасалды. Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының, қала, Алматы ауданының, Денсаулық сақтау басқармасымен басшылығы өздері үлгі-өнеге болып, сау әдеттерді ұстаушылық жолын көрсетіп, станцияларды өтумен манекенді қолданып, жүрек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Марафонға қатысушылар, достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзінің таңдауы бойынша фастфудтан, газды сұсындардан, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таңдауға, 100 рет сергіту жаттығуларын жасауға және эстафетаны әрі қарай «Ал Сіздің қолыңыздан келе ме?» ұранымен жалғастыруға шақырды.

Марафон бүкіл елімізде «Денсаулық жолы» аясында өтеді және ауруларды ерте диагностикалауға, қарапайым ережелерді сақтау жолымен денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер