BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Астанада онкологтардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр

Фото: Афтор

Бүгін Астанада «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырылған тәсілдеме» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

11, 12 қазанда өтетін конференцияда аясында апиынды анальгетиктердің қолжетімділігі және Қазақстан Республикасында паллиативті көмекті дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді, сондай-ақ жатыр мойнының қатерлі ісігінің скринингі, ауыр симптомдары және медицина жұмыскерлері арасында кәсіптік күйзелісті тоқтату бойынша шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

«Қазақстанда адам денсаулығы мен оның өмірін ұзартуға бағытталған жобалар бар және олар даму үстінде. Енді бізге бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру аса маңызды. Біздің орталықтың жыл сайын осындай ғылыми форумдарды өткізіп отыратыны игі дәстүрге айналды және халықаралық конференцияға қатысушылардың саны артып келеді. Ғылыми конференция барысында қатерлі ісіктердің алдын алу мен емдеу, ерте диагностика мен скрининг, емдеудің тың әдісін енгізу, онкологиялық пациенттердің өмір сапасын арттыру сияқты неғұрлым өзекті мәселелер қаралатын болады», - дейді Астана қаласындағы онкологтар мен радиологтары қауымдастығының төрағасы, Астана әкімдігінің Онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Тілеутаев.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Астана әкімдігінің Онкология орталығы ұйымдастырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер