BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада қандай дәрігерлердің жетіспейтіні белгілі болды

Елорда ауруханалары мен емханаларында профильді дәрігерлер тапшы. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жазира Ембердиева қандай мамандар жетіспейтінін нақтылап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз қазіргі таңда кадр жетіспеушілігі проблемасы бар екенін түсініп отырмыз. Әсіресе, неонатолог, анестезиолог, реаниматолог, ота жасайтын акушер-гинеколог, отоларинголог мамандар жетіспейді. Сондай-ақ, кейбір емханада окулистер тапшы», - деді Ж.Ембердиева.

Басқарма өкілінің айтуынша, учаскелік қызметтің, жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасы бойынша профильді маманның консультациясы мен көмегін алуға болады. Дегенмен, дәрігердің қабылдауын біраз күтуге тура келеді. Ембердиева елорданың медициналық мекемелерінде басқа мамандардың жетіспеушілігі жоқ екенін айтты.

«Әлемдік тәжірибе бойынша дәрігер қабылдауын күту мерзімі 3-4 айды құрайды. Біз Астанада осы күту мерзімін барынша азайтуға тырысамыз. Әрине, барлығы кадр жетіспеушілігіне байланысты. Біз бұл мәселені шешіп жатырмыз. Бізде келісімдер бар, еліміздің барлық университеттерімен меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, біз жас мамандарға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Бұл олардың, әсіресе профильді дәрігерлердің Астанада қалып жұмыс істеуі үшін жасалып отыр», - деп түйіндеді Жазира Ембердиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер