BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада Денсаулық фестивалі өтті

9 қыркүйекте Астанада «Дені сау болу – сәнді! Салауатты сандарға жет!» ұранымен Денсаулық фестивалі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын кез келген жаста қалыпты салмақ, артериялық қысым, пульс сияқты денсаулық пен жақсы тонус сақтау үшін маңызды параметрлерге – «салауатты сандарға» аудару, сондай-ақ, әртүрлі жастағы тұрғындардың денсаулығы үшін белсенді қимылдаудың артықшылығы туралы хабардарлығын арттыру, күнделікті жеткілікті физикалық белсенділік дағдыларын қалыптастыру.

Фестивалге ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уалихан Ахметов, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, ММА Федерациясының президенті Асылбек Дүйсенов, бразилиялық джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы Арманжан Рузахунов, марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев, «Спарта Номад Астана» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов және т.б. қатысты. Қатысышылар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын спортпен белсенді шұғылдануға шақырды, сондай-ақ, азаматтар салауатты өмір салтын ұстану пайдалы және сәнді екенін түсіне бастағанын, спорт алаңдары, спорттық-сауықтыру кешендер, бассейндер ашылып, халық салауатты өмiр салтын ұстану үшiн жаңа спорт түрлерi пайда болып жатқанын өтті.

Іс-шараның басында музыканың сүйемелдеуімен фитнес-жаттықтырушының нұсқаулары бойынша разминка өткізіліп, содан кейін үлкен флэш-моб пен жаппай жарыс өтті.

Марафоншы Марат Жыланбаев жарыстың басталуына дейін фестиваль қатысушылары үшін шеберлік сыныбын өткізді.

Ұйымдастырылған дене шынықтыру аумағында қатысушылар уақытқа жаттығулар жасады: «шымыр бұлшықеттердің» 1-ші станциясында таяқпен қолдарын алға созып отыру – 1 минуттың ішінде бұл жаттығуды кім көбірек орындайтындығы ескерілді. «Тегіс іш» 2-ші станциясында - обручты бел айналасында 30 секунд тоқтаусыз айналдыру. «Күшті қол мен иық» үшінші станциясында - бір минут ішінде еденнен қайта-қайта көтерілу. «Тепе-теңдік және баланстың» 4-ші станциясында – бір аяқта 30 секунд бойы тұру. «Күшті аяқтар» 5-ші станциясында тоқтамай бір минут бойы скакалкамен секіру.

Денсаулық қалашығында әртүрлі бейінді мамандар тұрақты физикалық белсенділікке бейілділікті және мотивацияны арттыру, сондай-ақ дұрыс тамақтану, темекіні, алкогольді пайдаланудан бас тарту бойынша жеке кеңес беру арқылы «салауатты сандарды» (қандағы қант, холестерин, қан қысымының деңгейі және т.б.) өсу көрсеткіштерін өлшеу, Кетле индексін есептеу арқылы салмақты анықтау бойынша экспресс диагностика жасады.

Жаппай жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар, олардың арасындағы ең жас қатысушылар естелік сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Денсаулық фестивалі еліміздің басқа өңірлерінде де өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер