BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада дәрігерлер үшін жатақхана салынады

Фото: moskva.glavny.tv

Астана, BAQ.KZ. Қалада акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог және реаниматолог сияқты мамандардың тапшылығы байқалады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың келтірген мәліметтеріне қарағанда, Астанада бала туу жасындағы әйелдердің саны 20 жылда 4,6 есе өссе, акушер-гинекологтар саны 2,6 есеге артқан.

«1998 жылы Астана қаласындағы акушер-гинеколог мамандарының саны 119 болса, бүгін бұл көрсеткіш 320-ға жетіп, 2,6 есеге артқан. Бала көтеруге қабілетті әйелдер саны 1998 жылы 70 мыңды құраса, қазір олардың саны 325 мыңға дейін жетіп отыр. Көрсеткіш 4,6 есеге артқан. АМЖЖ-нің акушер-гинекологтармен қамтылу көрсеткіші штаттық кестенің 85% құраса, стационарлық деңгейде акушер-гинекологтардың штаты 90 % шамасында», - деді Қ. Надыров.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кешенді шараларды қолға алды.

«Мамандардың тапшылығына әсер ететін факторлардың бірі – Астанада тұрғын үйдің жоқтығы. Тек биылдың өзінде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін квалификациялық босандыру қызметі мамандарына 10 пәтер бөлінді. Алдағы уақытта 1500 пәтері бар үш жатақхана салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, баспананы қолжетімді ету мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесі де қарастырылып жатыр», - деді К. Надыров.

Мұндай сертификаттар осы жылдың желтоқсанында беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер