BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада 8 оқушы менингит жұқтырды

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Елордада 8 оқушы вирусты менингит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Олар ауруханаға келесі симптомдармен түскен: дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттері және тамақтары ауырған, жөтел, мұрыннан су ағу және бітелу, іш өту, жүрек айну және құсу, жарыққа қарай алмау.

Дәрігерлер 4 оқушыға нақты диагноз қойыпты.

«5 және 16 қазан аралығында 8 мектеп оқушысы вирустық менингит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Олар қаладағы әртүрлі мектепте оқиды. Қазіргі таңда 7 оқушының жағдайы қанағаттанарлық, ал бір оқушының жағдайы орташа ауыр. Олар ем қабылдап жатыр», - делінген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Астанада вирусты менингиттің 196 жағдайы тіркелген (85 оқушы), барлығы емделген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер