BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Астана мен Алматының медициналық оқу орындары 2018-2019 жылдары мыңға жуық болашақ дәрігерді оқытпақшы

Фото: ашық дереккөзден

Астана мен Алматының медициналық оқу орындары 2018-2019 жылдары 950 болашақ дәрігер мен фармацевтті мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытпақшы. Бұл туралы «2018-2019 жылдарға жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік біліп тапсырысын орналастыру туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарлығының жобасында айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«2018-2019 оқу жылына аталған жарлықтың қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық жоғары білімі бар мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылсын», - делінген жарлықтың жобасында.

Косымшада көрсетілгендей С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазМҰУ) 500 адамды мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытпақшы, оның 320 адамы – жалпы медицина маманы, 140 педиатр, және стоматология, мейірбике ісі, фармация мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша 10 маманнан даярлау көзделген.

Астана медицина университеті 450 адамды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс алуы мүмкін, оның ішінде 400 жалпы медицина бойынша маман, он оннан стомотолог пен фармацевт, мейірбике ісі бойынша 15 және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 15 медициналық маман бар.

Жарлық жобасы көпшілік талқылауына 28 мамырға дейін шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер