BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда велошерудің жаңа маусымы ашылды

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошерудің тоғызыншы маусымы басталды. Спорттық шараға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасқан 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Әуесқойлармен бірге бұл велошеруге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев қатысты.

«Осындай іс-шаралар қала тұрғындарына уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге жақсы мүмкіндік. Осы уақытқа дейін біз қоғамдық көліктерде, көшелерде, саябақтарда, кез келген жастағы адамдар танысып, демалып, жұмыс жасайтындай жағдай жасау жолында жұмыс атқарып келеміз», - дейді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қазіргі танда қалада салауатты өмір салты мен спортқа жақсы көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Алматыда бүгінгі танда 68 шақырымдық велодәліз салынды. Сонымен қатар, қала басшысы велосипедтерді жалға беретін «Almaty bike» жобасы қарқынды дамып, қаланың орталық көшелерінде 1730 велосипедке арналған 200 велосипед тұрақтары жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті.

Онын айтуынша, жылда өтетін «Алматы Туры» веложарысы қаланың танымал брендіне айналып, Алматының туристік және спорттық қала имиджі ретінде шетелге танымалдығын арттыруда.

Бүгінгі өткен велошеру мәресінде қатысушылардың арасында 20 велосипед, сонымен қатар өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылды. Барлық келушілердің алдында өз өнерлерімен Shamsi, Alime топтары шығып, іс-шара «Almaty Street Fitness» бағдарламасымен жалғасын тапты.

Айта кету керек, 2017 жылы «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша қалада 21 велошеру ұйымдастырылып, 21 мың адам қатысқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер