BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматыда ауруханаға 50 млн теңгеге медициналық жабдық алынды

Астана, BAQ.KZ. «Асыл бала» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ға жалпы құны шамамен 50 миллион теңге болатын соңғы үлгідегі медициналық жаңа жабдықтар сатып алды. Материалдық көмек «Ғұмыр үшін» жобасы аясында көрсетілді.

Құны 2 600 000 теңгені құраған sp 8800 автоматтық шприц сорғысы (5 дана), бағасы 28 080 000 теңге болатын Infusomat Space волюметриялық инфузия сорғысы (40 дана), құны 4 418 000 теңге тұратын iMEC емделуші мониторы (5 дана) және құны 14 300 000 теңгені құрайтын өткір диализ үшін MultiFiltrate аппараты аурухананың балаларға арналған онкология және гематология бөлімшесіне жеткізілді.

Ультразаманауи медициналық жабдықтардың көмегімен дәрігерлер тиімділігі жоғары экстракорпоралды детоксикация процедураларын жүзеге асыра алады. Инфузия сорғыларының есебінен емделушілер (арнайы құрылғысыз есептеуге мүлдем келмейтін) химопрепараттарды нақты қажетті көлемде қабылдай алады.

«Біздің орталықтағы онкология бөлімшелерінде емдеу процедураларын жүргізу үшін дәл осы аппараттар өте қажет еді. Қазіргі уақытта инфузоматтар мен детоксикацияға процедураларын жүргізуге арналған жабдықтарды қолданысқа енгіздік. «Асыл бала» қоғамдық қорына уақытылы көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз», - деді «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ директоры Риза Боранбаева.

«Асыл бала» қоғамдық қоры «Ғұмыр үшін», «Білім жолы» интеллектуалды марафоны», «Күн әлемі» оңалту орталығы» және «Балалар – біздің болашағымыз» жобалары аясында, қайырымдылық мақсатында обыр ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге, Даун синдромына душар болған бөбектерге және зағип балаларды емдеуге атсалысады. Сондай-ақ, «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының төрт онлология бөлімшесіне қаржылай-материалдық көмек көрсетеді, білімдерін ерекше дамытуды қажет ететін дарынды балаларды оқыту мен олардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларға қаржылай қолдап келеді.

Одан өзге, «Асыл бала» қоғамдық қоры обырға шалдығып, еліміздің әр аймағынан Астана қаласына емделуге келген балалар мен олардың ата-анасын өз қарауындағы пансионатқа тегін жайғастырады және автокөлікпен қамтиды.

Байланыс үшін: 8 (7172) 504411, media.asylbala@gmail.com


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер