BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Алматы облысында қайтыс болған адамнан менингококк инфекциясы анықталған жоқ

Фото: imio.kz

Алматы облысында қайтыс болған адам менингококк инфекциясынан көз жұмбаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2018 жылдың 13 маусымына дейін Қазақстанда 59 менингококкты инфекция жағдайы тіркелген, оның ішінде он төрт жасқа дейінгі балалар арасында 21 жағдай анықталған, ал 12 жағдайда адам өлімімен аяқталды. Алматыда 6 адам, Алматы облысында 3 адам, Оңтүстік Қазақстанда 2 адам, Қызылордада 1 адам осы инфекция салдарынан көз жұмған.

«Бұған дейін Республика бойынша жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған 13 жағдай тіркелгені айтылған. Зертханалық зерттеулер нәтижесінже Алматы облысында қайтыс болған бір адамнан менингококкты инфекция анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер