BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақтөбе облысында туберкулез ауруы бойынша жағдай тұрақты

Фото: ultimatumchiapas.com

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, профилиактикалық алдын алу іс-шараларын өткізудің нәтижесінде аурушаңдықтың төмендеуі байқалады.

9 айдың қорытындысы бойынша аурушаңдық 11,2%-ға, соның ішінде балалар арасында 28,7%-ға төмендеген, бірақ ауруды түгелдей жою әзірге мүмкін емес.

«5 қазан күні Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектептің 4 сынып оқушысының туберкулез ауруына шалдыққаны туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызметке шұғыл хабарлама түскен. Жедел түрде мектепте эпидемияға қарсы іс-шаралар, сондай-ақ эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Жалпы, мектептің санитариялық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық, білім ошағы орталықтандырылған су, кәріз және жылу жүйесіне қосылған. Мектепте қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді », - деп атап өтті Нұрсұлу Беркімбева.

Мектепте баламен байланыста болған адамдардың барлығы қазіргі таңда медициналық тексеруден өтіп жатыр.

«Эпидемиологиялық зерттеу жүргізу барысында, науқас баланың жазғы демалыс кезінде Атырау облысы, Құлсары қаласында болғаны анықталды, осыған орай жергілікті Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы хат жолданды», - деді департамент басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер