BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

2018 жылы тегін дәрі-дәрмекпен 120 мың астаналық қамтамасыз етіледі

Фото: Dp.ru

Астана, BAQ.KZ. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда амбулаториялық деңгейде жеңілдікті дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер алатын диспансерлік науқастардың саны 20 мың адамға артқан.

«Денсаулық сақтау министрі бұйрығындағы тізбеге сәйкес 2018 жылы дәрілік заттар және медициналық бұйымдарға берілген өтінімнің жалпы сомасы 10,7 млрд теңге, ол 120 мың науқасқа арналған, диспансерлік есепте нозология бойынша тұрғаны - 49. 2017 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 8,7 млрд теңге бөлінген, ол 100 мың диспансерлік науқасты қамтыған», - деп мәлімдеді ведомствода.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен тегін дәрі-дәрмек қалалық мемлекеттік емханаларда ашылған дәріханаларда берілуде. Бұл бюджет қаржысын 1 млрд теңгеге үнемдеуге сеп болды. Осы жылы дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарды жеткізуді республика бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы жүзеге асырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер