BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Жыл басынан бері 25 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді

2018 жылдың І тоқсанында 2 миллион 9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9% болды. Көктем шығып жұмыстардың басталуына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Жалпы көлемі 2 миллион 9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспардың 24%-ін құрады. Жалпы жыл бойынша жоспар 12 млн 100 мың шаршы метр. Республика бойынша 25 301 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 9200 жеке үй бар», - деді Қасымбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер