BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Жаңа министр Әбілқасымова: Дүйсенова маған сәттілік тіледі

Жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова министрліктің бұрынғы басшысы Тамара Дүйсеновамен кездесуінің қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Тілшінің Тамара Дүйсеновамен кездесуіне қатысты қойған сұрағына «Иә, ол менің жұмысыма табыс тіледі» деп жауап берген Жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ведомстваның 2018 жылға арналған жоспарын бөлісті. Оның айтуынша, бейресми және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың қызметін заңдастыру туралы заң жобасы дайындалады, ал 2018 жылдың желтоқсанында үкіметке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының жаңаланған нұсқасы ұсынылады.

Еске сала кетсек, Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болмас бұрын ұлттық экономиканың вице-министрі қызметін атқарған еді. Ол мемлекет Басшысының бұйрығымен қызметінен босатылған Тамара Дүйсенованың орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. 9 ақпанда өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға қатысты «нақты тапсырмалары» туралы есіне салып, Дүйсенованы сынаған болатын.

«Мен кемі бес жылдың ішінде бұл туралы бірнеше мәрте айттым. Нақты тапсырмалар бердім, алайда ешкім арнайы айналыспады. Министр Дүйсеноваға бұл туралы бірнеше рет айттым. Не болды, Тамара, әлде сен бұл жұмыстан шаршадың ба?» – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Мадина Әбілқасымованың тағайындалуы жөнінде ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов пікірін білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер