BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Вокзалдар мен қоғамдық көлік мүгедектер үшін қолжетімсіз болып отыр

Фото: autoreview.ru

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында мүгедектер үшін «кедергісіз орта» құруда кездесетін кедергілерді атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрлік 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құруға басымдық береді. Алайда инфрақұрылымдарға деген қолжетімділік мәселесі әлі де болса шешілмей отыр.

«Бүгінде 32 647 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі паспорттауға жатады, қазіргі уақытта объектілердің 98,%-ына толығымен паспорттау жүргізіліп, 95%-ы бейімделді. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі проблемасы сақталған, бұл көбінесе теміржол вокзалдары, автовокзалдар, әуежайлар, қоғамдық көлік, қызмет көрсету, туризм, мәдениет және спорт саласындағы объектілер», - деп атап өтті министр.

Ол Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қолжетімділік стандарттарын бақылау функциясын сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті органға, яғни Инвестициялар және даму министрлігіне бекітуді ұсынып, жаңа инфрақұрылым объектілерін жоспарлағанда қолжетімділік стандарттары қолдануы қажеттігін ескертті.

Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда 674 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 62% – еңбекке қабілетті жаста, 25% – зейнеткерлік жаста, 12% – 18 жасқа дейінгі балалар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер