BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ұлттық қордың активтері 59,2 млрд долларға жетті – министр

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 1 маусымға дейін Қазақстанның халықаралық резервтері 1,4% ұлғайып, 90,4 млрд долларға жеткен.

«Осы жылдың 1 маусымында елдің халықаралық резервтері 1,4% ұлғайып 90,4 млрд долларға дейін жетті. Алтын валюта резервтері 1,4% өсіп, 31,2 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Ұлттық қордың активтері 1,5% өсіп, 59,2 млрд. АҚШ долларына дейін жетті», - деді министр.

Ведомство басшысының ақпаратына сүйенсек, өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуін сақтап отыр. Өсу 5,4% құрады.

«Кен өндіру салалары алған қарқындарын ұстап отыр (5,6%). Өндіру өнеркісібінің өсуіне негізгі қолдауды мұнай-газ саласы қамтамасыз етуде. Мұнай өндіру 6,4%, ал табиғи газ өндіру – 6,5% ұлғайды. Бұл ретте кен өндірудің оң салымы сақталып отыр. Олар бойынша өсу 3,6% құрады», - деді Сүлейменов.

Қазақстанда осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, өңдеу өнеркәсібі, өнеркәсіп өндірісі серпініндегі үрдістерді айқындауын жалғастыруда. Өсу 5,5% (бес те бес процентті) құрады.

«Өңдеу саласының ішінде екі мәндік өсуді қағаз өнімдерін өндіру (14,4%), химия өнеркәсібі (11,2%) және машина жасау (12,2%) көрсетіп отыр. Бұл ретте өңдеудің негізгі салалары да позитивті үлес қосып отыр. Сусын өндіру 8,1%, тамақ өндірісі – 6,3% және мұнайды қайта өңдеу – 4,3%, фармацевтика – 6,1%, сондай-ақ қара металлургия өндірісі – 6,0% ұлғайды», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ведомсвто басшысы Қазақстанда жылдық инфляция 6,2 % құрағанын хабарлаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер