USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Үкімет отырысында бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жобалары қаралады

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Күн тәртібінде 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан көре аласыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың, ҚР ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаевтың, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 15:45
Қыс кезіндегі жалынды танго
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады