BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Үкімет құқық қолдану мәселелеріне назар аударуы қажет – Тоқаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен үкімет сағатында Парламент пен Үкімет алдында мемлекеттік ауқымдағы ортақ міндеттер тұрғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайында жоғары сапалы заңдар жүйесін қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Олардың тиімділігі заң шығармашылығы процесінің барлық тұсын жан-жақты ойластырумен тікелей байланысты екені түсінікті. Заң шығару процесін жете бағаламау немесе оны оңайлату көптеген заңнамалық және құқық қолданудағы қателіктерге алып келетіні сөзсіз», - деді Тоқаев.

Ол алдыңғы қатарлы технологиялар мен әзірлемелерді заң шығару процесінде пайдалану заңнамалық процестің сапасына оң ықпалын тигізетінін айтты.

«Үкімет құқық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Заңдардың дұрыс орындалмауы немесе бұрмалануы олардың сапасын жоққа шығарады және халықтың сенім деңгейіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді, сәйкесінше бұл мемлекетіміздің реформалары мен орнықты даму стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру барысына айтарлықтай теріс ықпал етуі мүмкін», - деді ҚР Парламент Сенатының төрағасы.

Ол заң жобалау жұмысындағы осы және басқа да кемшіліктер Сенат отырыстарында және депутаттық сауалдарда бірнеше рет атап көрсетілгенін айтты.

«Олардың мазмұны бүгінгі формат тұрғысынан ескеріліп, дұрыс қабылданады деп сенемін, өйткені Парламент пен Үкімет алдында мемлекеттік ауқымдағы ортақ міндеттер тұр. Бүгінгі іс-шара заң шығару процесін жетілдіру бойынша бірқатар тиімді шешімдер шығаруға мүмкіндік беретініне сенімім мол», - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен үкімет сағатында еліміздің заң шығару жүйесіндегі он мәселені атады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер