USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Үкiмет басшысын Тараздағы ең төменгi тариф таңғалдырды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Үкiмет басшысы Бақытжан Сағынтаевты Тараздағы су бұруға белгiленген елдегi ең төмен тариф таңғалдырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Таразда су бұру құны – 8 теңге. Бұл бағаға қандай жөндеу жүргiзуге болады? Жалақы төлеуге әзер жететiн шығар. Соңғы рет тарифтi қашан көтерген? Өзге өңiрлерде, мысалы, Қарағандыда 96 теңгеге дейiн жетедi. Айырмашылық үлкен. Бiрақ, бұл ретте су жүйелерінің жағдайын қарау керек. Мүмкiн 8 теңге жеткiлiктi шығар. Бұл ретте шығындарды да қараған жөн», - дедi бүгiн Б.Сағынтаев халықты сумен қамтамасыз ету мәселесi қаралған үкiмет отырысында.

Бақытжан Сағынтаев жауапты тұлғаларға осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеудi тапсырды.

«Есеп пен қаражат жинауды тәртiпке келтiру керек. Бұл ретте әкiмдiктердiң деңгейiн түсiрудiң қажетi жоқ. Әйтпесе, кейбiр шағын қалалардың басшылары өздерi жүрiп, ақша жинайды. Ертең аула жинаймыз ба? Әкiмдiктердiң деңгейiн түсiрiп жатырмыз. Сондықтан, жұмысты тәртiпке келтiрiп, ақшаның жиналуын ұлғайту керек», - дедi Үкiмет басшысы.

Ұқсас сілтемелер:
11 Қазан 2016, 12:41
Теңге нығая түсті
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады