ҰБТ-да шектi деңгейден өтпеген түлектер үшiн қайта тест тапсыру мерзiмi аталды - Үкімет|07 Тамыз 2018, 11:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

ҰБТ-да шектi деңгейден өтпеген түлектер үшiн қайта тест тапсыру мерзiмi аталды

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев биыл ҰБТ және кешендi тестiлеу тапсырмаған және шектi деңгейден өтпеген балалар үшiн тестiлеудi қайта тапсыру мүмкiндiгiн еске салды. Олар 15-19 тамыз аралығында қайта тапсыра алады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биыл ұлттық бiрыңғай тестiлеу 15-шi рет өткiзiлдi. 2004 жылдан бастап ҰБТ-ға 1 млн 775 мың мектеп бiтiрушi қатысты. Бұл барлық мектеп бiтiрушiлердiң 80 пайызын құрайды. Осы жылы Алтын белгiге ие болған балалар саны 6800 адамнан асты. Биыл ҰБТ-ға қатысу үшiн 100 мыңнан астам түлек өтiнiш бердi. Ұлттық бiрығай тестiлеуге 98 мыңнан астам адам қатысты. ҰБТ нәтижесi бойынша орташа балл - 83. Өткен жылы бұл көрсеткiш 80,5 балды құрады. Шектi деңгейден 84 мың мектеп бiтiрушi, яғни қатысушылардың 85 пайызы өттi. ҰБТ-да ең жоғары 140 балды тек қана бiр мектеп бiтiрушi - Алматы қаласының тұрғыны Шиара Құдайбергенова алды», - дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, ҰБТ-да 30 мыңнан астам тест сұрақтары пайдаланылды. 243 апелляциялық өтiнiш түсiп, оның 101-і қанағаттандырылды.

«Биыл мемлекеттiк бiлiм гранттарына қосымша жергiлiктi атқарушы органдар есебiнен 2700-ге жуық грант бөлiнiп отыр. Нормативтiк базамыз дайын. Бұл гранттар айдың аяғына дейiн бөлiнедi. Тағы бiр айта кететiн мәселе, ҰБТ және кешендi тестiлеу тапсырмаған және шектi деңгейден өтпеген балалар үшiн тестiлеудi қайта тапсыру 15-19 тамыз аралығында өткiзiледi. Бұл тестiлеуден де шектi балды алмаса, өткен жылдағыдай ЖОО-ға барып, бiр семестрге оқуға қабылдану мүмкiндiгi сақталып отыр», - дедi Ерлан Сағадиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер