BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Тимур Сүлейменов ҚК отырысының қорытындысы бойынша мәжіліс өткізді

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігінде Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша аппарат мәжілісі өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 7 қарашада Ақордада өткізілген Қауіпсіздік кеңесінің ТКШ саласындағы тариф түзілуіне арналған отырысының қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрліктің және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылығымен жұмыс мәжілісін өткізді.

Министр Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне нақты мерзім ішінде, оның ішінде заңнама нормаларын түзетуді көздейтін жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Комитетке жұмыс тәсілін өзгерту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу және аумақтық департаменттермен өзара іс-қимылды бақылауды күшейту, ел тұрғындары үшін ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру тапсырылды.

Мәжілістің қортындысында, Тимур Сүлейменов тариф белгілеуді реттеу, бақылау және қадағалау жүйесі бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасын арттырудың, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін талдауды жүргізудің қажеттігін атап көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер