BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

«Сізде басқа амал жоқ». Сағынтаев Мұхамедиұлына тапсырма берді

Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиадаға дайындық туралы баяндады.

Есеп беріліп болған соң Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев баяндамашыдан олимпиададан қанша медаль әкелуді жоспарлап отырғанын сұрады.

«Обречены на успех» деген сөзіңіз бар ғой, – деді Мұхамедиұлы күліп. – Табысты болады деп күтеміз».

Сағынтаев та күле сөйлеп тапсырма берді.

«Жақсы. Онда сізге олимпиадашыларды дайындаудың соңғы кезеңін сапалы аяқтау тапсырылады. Медальдармен оралады деп күтеміз. Сізде басқа амал жоқ».

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер