BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«Сыбаға» бағдарламасымен 600-ден астам фермер кредит алды

BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, әрбір салалық және өңірлік бағдарламада он жылға арналған нақты индикативтер мен іс-шаралар көзделген. Мемлекеттік қолдау шараларымен олардың тиісті көлемі мен қаржыландыру көздері айқындалған.

«2018 жылдың ІІ жарты жылдығынан бастап шағын және орта шаруа қожалықтарына негізделетін етті мал шаруашылығын дамыту бойынша ұзақ мерзімді салалық бағдарлама іске асырыла бастады. Іске асыру үшін біз арнайы жеңілдетілген «Сыбаға» кредиттік өнімін іске қостық. Осы жылғы жоспар асыра орындалды. Бүгінде 600-ден астам фермер кредит алды. Фермерлік шаруашылықтардың ірі қара мал сатып алу жоспары бойынша жылдық жоспары 50 мың басты құрайды. 11 айда 67 мыңнан астам басқа өтінім қабылданды, 55 мың басқа арналған кредит мақұлданып, берілді. Аналық табынды тұқымдық түрлендіру жоспары 1 млн басты құрайды. Бүгінде тұқымдық түрлендіруге шашамен 977 мың аналық бас, немесе 98 пайызы қатысуда», - деді Евниев.

Вице-министр 2018 жылыдң 11 айы нәтижесі бойынша сиыр етін экспорттау көлемі 14500 тоннаны құрағанын атап өтті. Экспортталған сиыр етінің жартысына жуығы немесе 45,2 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Министрлік жыл соңына дейін сиыр етінің экспорты бойынша жоспар - 15 мың тоннаны асыра орындайтынын сеніммен жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер