BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сағынтаев «Самұрық-Қазынаның» трансформация бағдарламасын іске асыру мәселесін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация бағдарламасын іске асыру барысы, жекешелендіру мәселелері талқыланып, сондай-ақ 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылып, компанияның 2018–2022 жылдарға арналған даму жоспарлары қаралды.

Отырыс қатысушылары 2014 жылдан бастап 2018 жылдың 1 тоқсаны аралығындағы пайда мен инвестициялар туралы мәліметтерден тұратын қордың Трансформация бағдарламасын іске асыру туралы есебін тыңдады. Қордың Директорлар кеңесінде Есепті жүйелі түрде қарау болашақта Бағдарламаның бастамаларын енгізу тиімділігін арттыруға жол ашатын басқару шешімдерін уақытылы қабылдау және әрекет жасау үшін қажет.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы «Самұрық-Қазына» қорының негізі қаланды. Инвестициялық холдингтің міндеті — ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау. Қор қоржындық компанияларды олардың ұзақмерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыру үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларын дамытуға инвестицияларды өткізу арқылы басқарумен айналысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер