BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Сағынтаев Ұлттық экономика министріне ескерту жасады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке ескерту жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Тимур Мұратұлы, айтқан сөзіңіздің бəрі жақсы, бірақ сіз өз баяндамаңызда "жалпы алғанда, өңірлерде көрсеткіштер бойынша жағымды үрдіс сақталып отыр" деп айтып отырсыз. Ал өндірісті қарайтын болсаңыз, 11 өңір республикалық деңгейден төмен тұр. Қай жерден жағымды үрдіс көріп отырсыз? Сондай-ақ, құрылысты, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды қараңыз. Төрт ақ өңір республикалық деңгейден жоғары тұр. Бұл деген не? Егер негізгі капиталға инвестициялар салынбаса, онда өндіріс дамымайды. Сіз бұны қалай жағымды деп айтасыз? Бірінші кезекте, өзіңізге талап қою керек. Сосын барып, басқа жұртқа ақыл айтыңыз", - деп ескертті Бақытжан Сағынтаев.

Атап өтсек, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылғы қаңтар - тамыздағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму қортындылары бойынша баяндама жасаған болатын. Министр өз сөзінде сəйкес кезеңде ел экономикасының оң өсу үрдісі сақталып отырғанын айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер