BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Сағынтаев Өскеменде білім беру жүйесінің сапасымен танысты

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемендегі № 46 жалпы білім беретін орта мектептің мысалында білім беру қызметтерін ұсыну сапасымен, сондай-ақ, Президент Жолдауында алға қойылған білім беру сапасын арттыру жоспарларымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақытжан Сағынтаев арнайы техникамен жабдықталған физика, биология және химия кабинеттерін аралап, АT-сыныптарында роботты техника және техникалық жүйелерді автоматтандыру бойынша оқушылардың әзірлемелерімен танысты.

«Жаңа модификациядағы сыныптар интерактивті сенсорлық тақтамен, микроскоптармен, химиялық тәжірибелерге, биология жұмыстарына арналған арнайы жабдықтармен жарақтандырылған. Физика сыныбына да компьютерлік өлшеу құрылғылары, электростатика, радиотехника, мультимедиялық нұсқаулықтар орнатылған. АT-сыныбында қажетті компьютерлік техникадан басқа, Robotis Mini гуманоидты роботы, роботтар жарыстарына арналған алаң, «Ақылды жылыжай» (Smart Agriculture) Arduino білім беру жинағы, 3D Printer Tarantula және басқа жабдықтар бар. Білім беру процесінде технологияларды қолдану цифрлық экономикаға білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді», - деді № 46 орта мектептің директоры Г. Ауғанбаева.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, бүгінде «Назарбаев зияткерлік мектебінің» стандарттарына сәйкес 277 орта мектепті жаңа модификациялау және роботты техника сыныптарымен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 277 жалпы білім беру мектебінде түгелдей АT-сыныптары ашылды.

«Мектептерде кедергісіз интернетке кіруге мүмкіндік бар, барлық мектептер «Күнделік» электронды журналы мен күнделіктер жүйесіне қосылған. Облыста барлығы 187 245 бала білім алатын 691 орта мектеп жұмыс істейді. 70% мектеп сыныптары компьютерлік және мультимедиялық жабдықтармен қамтылған», - деді облыс әкімінің орынбасары А. Нүсіпова.

Елбасы бес жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 7,4%-дан 10%-ға дейін жеткізу туралы міндет қойған болатын. Үш жылдық бюджет аясында білімге жұмсалатын шығындарды биыл 456,3 млрд теңгеден 2021 жылы 752,1 млрд теңгеге дейін немесе 65%-ға арттыру көзделген.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 16,5 млрд теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 9,4 млрд теңге (соның ішінде РБ-тен — 1,2 млрд тг), материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 3,6 млрд тг, күрделі жөндеу жұмыстарына — 0,3 млрд тг қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер