BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сағынтаев халықты толғандырып жүрген мәселелерге назар аударуға шақырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне халықты толғандырып отырған мәселелер бойынша жұмыс кеңесін құруды тапсырды.

«Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне халықты алаңдатып отырған өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмыс кеңесін дайындауды тапсырамын. Негізгі екпін - ол оқу құнын, сондай-ақ медициналық қызметтер дәрі-дәрмектің бағасын төмендету. Мерзімі екі апта», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне аталған жұмыстарға ақпараттық сүйемелдеу жасауды тапсырды.

Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын, Ұлттық экономика министріне арнайы тапсырма бергенін, көмір мен тауарлардың бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер