BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Сағынтаев бюджет қаржысын игермеген басшыларға «шырылдауық шегіртке» болмауды айтты

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жыл басынан бергі 8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджет қаражатының игерілуі тұрғысында кемшілік жіберген министрлер мен өңір басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірқатар өңірлердің баяндамасын, есебін тыңдадық. Тағы да қосымша уәделерін алдық. Дегенмен, Елбасының тапсырмасы бойынша өсім 4 пайыздан (ЖІӨ көрсеткіші – авт.) төмен болмауы керек. 8 айдың қорытындысы 3,8 пайызды көрсетіп отыр. Тимур Мұратұлының баяндамасында көрсетілгендей, жылдың соңына дейін 4 пайызбен аяқтау үшін біз 4 айдың көлемінде 4,2 пайызбен өсуіміз керек. Жұмыс күрделенді. Белгілі мысалдағыдай жаздай ән салып, шырылдаған шегірткедей күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін. Негізгі мәселе – тамыз айындағы жұмыстың жүрмеуінде. Орысша айтқанда «расслабились». Сол себептен, Елбасының тапсырмасын орындап, жылды жақсы көрсеткішпен аяқтау керек», - деді Үкімет басшысы.

Сағынтаев осыған байланысты өңір басшыларына атқарылмау себебін анықтап, жұмысын тиісті дәрежеде атқармаған басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

«Қабылданған шаралар мен тәртіптік жазалар туралы ақпарат бір аптаның ішінде Премьер-министр кеңсесіне тапсырылатын болсын. Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен Премьер-министрдің кеңсесімен біріге отырып, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, «Атамекенмен» бірлесе отырып, селекторлық кеңес өткізуді тапсырамын», - деді Премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер