BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ресейдегі оқиғаларға реакцияны қысқа мерзімді деп бағалаймыз – Ұлттық банк  

2018 жылдың І тоқсанында Қазақстанның валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«І тоқсанда валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Валюта бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасты. Қаңтар-наурызда теңге жыл басынын бері бір АҚШ доллары үшін 318 теңге 31 тиын болып, 4,2%-ке нығайды. Сәуір басында Ресей қор нарығының құлдырауы нәтижесінде Ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылды. Бұл макроэкономикалық көрсеткіштерді ескеріп, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Біз Ресейдегі оқиғаларға реакцияны қысқа мерзімді және қалыпты деп бағалаймыз», - деді Ақышев.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері наурыз соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсім - 1,1%.

«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыз соңында 59,3 млрд АҚШ долларына бағаланды. Халықаралық резервтер жыл басынан 1,5%-ке немесе 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, жалпы 90,4 млрд доллар болды. Қазіргі кезде ақша агрегаттары, депозиттер, кредиттер бойынша 1-тоқсанға ақпарат жоқ. Ағымдағы жылы екі айда ақша массасы 3,9%-ке қысқарды. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 триллион теңгеге дейін 3,5%-ке азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6%-ке қысқарды, теңгемен салымдар 1,1%-ке өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдар үлесі 45,2%-ке азайды. Кредиттер көлемі 2018 жыл ақпан соңында 12,5 триллион теңгені құрады. Жыл басынан оның 1,2%-ке төмендеуі банктердің кредиттік портфелдері қалыпқа келтіру бойынша шараларын көрсетеді. Ағымдағы жылы қаңтар-ақпанда жаңа кредиттер беру 33%-ке немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 424 млрд теңгеге ұлғайып 1,7 триллион теңге болды», - деді ол.

Данияр Ақышев банк секторында 32 банк жұмыс істейтінін және ақпан соңындағы жиынтық активтері 23,6 триллион теңгені құрағанын атап өтті. Ал сақтандыру секторында жұмыс істейтін 32 ұйымның активтерінің жиынтық көлемі 1 наурызда 935,8 млн теңгені құраған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер