USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Премьер-министр: Салық саясаты ауыл шаруашылығына кедергі келтірмеуі керек   

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Салық саясаты кедергі келтіретін болса, ауыл шаруашылығы өркендемейді. Берілген тапсырма аяқсыз қалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ауыл xалқы еңбекқор. Сол еңбегінің жемісін көру үшін оларға қаржылай қолдау керек. Микронесиелер беріп, жұмыс орындарын ашу маңызды. Инфрақұрылым жағынан да көмек көрсетілуі тиіс. Әлеуметтік және әкімшілік жағынан да көптеген көмек қажет. Сол себептен де осы кедергілерді болдырмаудың жолдары айтылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы өте дұрыс. Салық саласы кедергі келтірсе, әрине, қойылған жоспар іске аспайды. Берілген тапсырма аяқсыз қалады. Сондықтан Ауыл шаруашылғы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, мәселелерді шешу керек», -дейді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет сағаты өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі мәселелердің қатарында ауылдарды сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын кооперативтерін құру секілді ауыл xалқына маңызды маңызды тақырыптар бар.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады