BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Премьер-министр мұғалімдердің жалақысын өсіру жөнінде тапсырма берді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Жолдауына орай мұғалімдердің жалақысын 30% көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отырыс барысында Үкімет басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттерді әрбір министрге жеке бөліп беретінін жеткізді.

«Кеше Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Сондықтан біз бүгін Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдарды нақтылап алып, маңызды құжатты іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауымыз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, премьер-министр ұстаздардың жалақысын өсіруді тапсырды.

«Білім және ғылым министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және әкімдермен бірігіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңартылған білім мазмұнына көшкен 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің қызметтік жалақысын 30 пайызға көтеру үшін тиісті шараларды жүргізуі қажет. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен 3, 6, 8 сынып ұстаздарының жалақысын арттыру керек. Сонымен қатар 2018 жылы ұлттық білім беру ұлттық біліктілік тест арқылы мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30%-дан 50%-ға дейін өседі», - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетсек, Елбасы Жолдауында мұғалімдердің жалақысын 30% көбейтуді тапсырған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер