BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Назарбаев Бозымбаевқа: Біз проблемаға тап болған кезде ғана жұмыс істей бастаймыз

Фото: Forbes.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев төртінші мұнай өндіретін зауыттың салынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз үш мұнай зауытын модернизациялаймыз. Алдағы 3-4 жылда дефицит болмайды. Осыған қарамастан мемлекетті отынмен қамтамасыз ету мәселесі жиі көтеріліп отырады. Біз үш мұнай зауытын модернизациялағанда, алдағы үш-төрт жылда Қазақстанда жанғыш-майлау материалдарының жетіспеушілігі, расымен де, болмай ма, Қанат Бозымбаев? Кейін тағы импорт жасауымызға тура келеді емес пе?! Мен дереу төртінші зауытты салу керек екенін ұсынғанымда, жанғыш-майлағыш материалдардың артылып, оларды пайдаланып үлгермей қалатынымызды айттыңыз. Яғни біз проблемамен бетпе-бет кездескен кезде ғана жұмыс істей бастаймыз. Біздің инвесторлармен Қарашығанақ туралы сөйлестік, яғни мұнай зауытының салынуына қатысты жылдамырақ шешім шығаруымыз қажет», - деп тапсырды Елбасы.

Мұнымен қатар, Назарбаев төртінші мұнай зауытын салу осыдан 10 жыл бұрын ұсынылғанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер