BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Министр экономикалық көрсеткіші төмен үш облысты атады

ҚР Үкімет отырысында еліміздегі Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлеменов қай облыстарда экономикалық даму көрсеткіш төмен екенін атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрылыс саласы есепті кезең бойы біркелкі емес серпінді көрсетіп отыр. Яғни, атап өтсек, ағымдағы жылғы қаңтарда 14,9%, қаңтар-наурызда 5,9%, қаңтар-сәуірде 2,1%, ал қаңтар-мамырда 0,3% дейін жеткен. Осылайша, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында құрылыс саласының өсу үрдісі нөлдік мәнге, яғни, 0,3% дейін жақындап, ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 3,8% дейін күрт артқан. Өсу тұрғын үй ғимараттарының, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысанардың, магистральдық газ құбырлары мен құбыр жолдарының, газ компрессорлық станциясының құрылысы, Семей қаласындағы автокөлік жолдарын, ұшу-қону жолағын реконструкциялау, Шымкенттегі мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстарының артуына байланысты болған», - деді министр.

Сонымен қатар, елдегі ауыл шаруашылығы өнімі 4,0% артып, біртіндеп күшеюде. Өсудің нығаюы мал шаруашылығының озық қарқынымен байланысты болып отыр.

«Тұтынушылық сұраныстың күшеюі мен экономиканың нақты секторындағы тұрақты іскерлік белсенділік көрсетілетін қызметтер саласының өсу драйверлері болды. Оның өсуі 3,8% құрады. Сауда мен көлік саласында дамудың қолайлы серпінінің 5,9% және 4,9% жеделдеуі тіркелді. Байланыстың өсу қарқыны 5,9% құрады. Өңірлік бөліністе экономиканың барлық дерлік салаларында оң өсу қарқыны байқалады. Өнеркәсіпте 3 өңірден, яғни, Батыс Қазақстан (-1,4%), Түркістан (-3,9%) және Қызылорда (-4,7%) облыстарынан басқа барлық өңірлер өсуді көрсетіп отыр», - деген министр енді өңірлердің даму серпіні бойынша 16 аймақтың орнына 17 өңірде бақылау жүргізілетінін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер