BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Мектептерде жасыл технологиялар жобасы жүзеге асырылады

Фото: 7kun.kz

Қазақстан мектептерінде «Мектептерге күн энергиясы» атты пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы ХІ Астана экономикалық форумы аясында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Шелл» компаниясы өзара меморандумға қол қойды.

Аталған рәсімге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова және Қазақстандағы «Шелл» концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар қатысты.

Меморандум «Мектептерге күн энергиясы» пилоттық жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелері орнатылады.

«Мектептерге күн энергиясы» бастамасы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ҚР Энергетика министрлігі мен «Шелл» компаниясы арасындағы табысты ынтымақтастық нәтижесінде туындады. Осы жобаны іске асыру өңірлерде қуаты аз баламалы энергия көздерін пайдаланатын қондырғыларды одан әрі кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстанда парниктік газдардың шығарындыларын азайту мен баламалы энергия көздері саласында индикаторларға қол жеткізуге жол ашылады», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Осы орайда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бұл жобаны өзге де өңірлерге де енгізілуі мүмкін айтты.

«Осы меморандум аясында біз күн фотоэлектр жүйелерін мектеп шатырларына орнату бойынша ынтымақтастық жұмыстарын жүргіземіз. Аталған жоба – баламалы энергия көздерін тиімді пайдаланудың үлгісі. Бұл болашақта еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен тарауы мүмкін», - деді қала әкім.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер