BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Мектеп мұғалiмдерi ҰБТ процесiнен босатылуы мүмкiн – министр

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев министрлiкке ұстаздар мен ата-аналардан келiп жатқан ұсыныстарды атады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Министрлiкке педагогикалық қауымдастық пен ата-аналар тарапынан жыл бойы ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеуге қатысты ұсыныстар келiп түсуде. Олардың iшiнде ҰБТ мен кешендi тестiлеу бiрдей функцияны атқаратын болғандықтан осы екi тестiлеудi бiрге өткiзу ұсынысы бар. Екiншi - Ұлттық бiрыңғай тестiлеу ЖОО-ға түсу емтиханы болғандықтан тестiлеу процесiнен мектеп мұғалiмдерiн босату. Үшiншi - мектеп балаларды ҰБТ-ға емес, мектеп программаларын игеруге дайындауы қажет болғандықтан мектептерде сынама тестiлеудi өткiзбеу. Төртiншi - мемлекеттiк бiлiм гранттарын оқу тiлiне, қазақ немесе орыс тiлдерiне бөлмей дайындау және тағы да бiрнеше ұсыныс бар. Осы ұсыныстарды Тамыз кеңесiнде кеңiнен талқылап, нәтижесi бойынша тиiстi шешiмдер қабылдаймыз», - дедi Ерлан Сағадиев.

Еске салсақ, бүгiн министр ҰБТ-да шектi деңгейден өтпеген түлектер үшiн қайта тест тапсыру мерзімін атаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер