BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қытай мен Түркиядан келетін ойыншықтар зиян – Біртанов

Қытай мен Түркиядан келетiн ойыншықтар зиян. Осы елдерден жеткізілетін ойыншықтардың көбiнiң құрамында улы заттар бар немесе олар баланы жарақаттауы мүмкін. Бұл жайлы Үкiмет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жыл басынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 38 мыңнан астам өнімнің сапасын жан-жақты зерделеген. Ведомство ай сайын xалық жиі тұтынатын тауарларды арнайы зертxаналарда тексеріп отырады.

«Тамақ өнімдерінің 7,3 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Соның басым бөлігі - шетелден келетін тауарлар. Жалпы, 172 мың тоннадан астам тауарлар утилизацияға жіберілді. Себебі, олар xалық денсаулығына зиян. Аталған тауарлардың ішінде балаларға арналған өнімдер де аз емес. Осы орайда, ойыншықтардың 36,6 пайызы балалар үшін зиян екенін атап өткен жөн. Ондай ойыншықтардың құрамында улы заттар бар, не болмаса, олар балаларды жарақаттауы мүмкін. Қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізіледі», - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, тексерістер кезінде сырттан тауар тасып жүрген 50 кәсіпкер анықталды. Олар елiмiзге 52 мыңнан астам тауар түрін алып келген. Соның ішінде жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ойыншықтар мен тамақ өнімдері бар. Жалпы, тексерістер нәтижесі бойынша 107 сот шешімі шығарылып, 20 миллион теңгеге айыппұл салынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер