USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

Келесі жылы жұмыссыздардың санын азайтуға қазынадан 66 млрд теңге бөлінбек

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Өнімді еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік» бағдарламасын таныстырған болатын. Бағдарлама елімізде жұмыссыздардың санын азайтып, отандық шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаға қазынадан 2017 жылы 66 млрд теңге, 2018 жылы 82 млрд теңге, 2019 жылы қосымша 13 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өнімді еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік» бағдарламасына 2017 жылы 66 млрд теңге, 2018 жылы 82 млрд теңге, 2019 жылы жоғары аталған сомаға қосымша 13 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. «Жұмыспен қамту бағдарламасы», «Бизнесті дамыту жол картасы», «Даму» қорындағы кепілдікке берілетін қаржылар осы бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдырылады», - деді министр.

Айта кетейік, еліміздегі экономикалық белсенді халықтың саны – 8,9 млн. Оның 6,3 млн-ы жалдамалы қызметкерлер, ал 2,1 млн тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтып отып отыр. 447 мың азамат жұмыссыздардың санатында.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады