BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандықтардың орташа жалақысын атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы жылғы қаңтар-шілдеде орташа айлық жалақы 157,7 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 2,3 пайызға өсті", - деді Сүлейменов.

Министрдің айтуынша, еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр. Биылғы жылдың басынан бері 297,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылғы қаңтар - тамыздағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму қортындылары бойынша баяндама жасады. Үкімет үйінде өткен жиында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министр Сүлейменовке ескерту жасаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер