BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Қазақстандықтар АҚШ-та қамауға алынды: СІМ түсініктеме берді

Фото: интернеттен

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та алаяқтық фактісі бойынша ұсталған қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Америка құрама штаттарының Нью-Йорк қаласындағы біздің бас консулдығымыз Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста, қажетті консулдық және құқықтық қорғауға байланысты біз өз азаматтарымызға тиісті көмек көрсетіп жатырмыз. Біздің азаматтарымыз дүниежүзінің қай жерінде болса да біздің қорғауымызға жатады», - деді министр.

Ведомство басшысы, бұл, әсіресе, консулдық салада министрлік басымдылығына жататынын айтты.

«Бізге осы Нью-Йорк штатының оңтүстік округынан келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған азаматтардың арасында Қазақстанның үш азаматы бар. Олар - Азиза Джававадзе немесе Джалолова (1994 ж.т.), Диера Аширова (1991 ж.т.) және Құдайбергенова Елена (1970 ж.т.). Аталған тұлғалардың Қазақстан азаматтары екенін Сыртқы істер министрлігінің арналары арқылы біз растадық. Америка тарапынан түскен қосымша мәлімет болса, қосымша хабарлайтын боламыз», - деді Әбдірахманов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер