BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қазақстанда жылдық инфляция 6,2% болды – Сүлейменов

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша экономикалық процестер және экономикалық қызмет саласы жақсарды.

«Экономикалық процестер және экономикалық қызмет саласы жақсарды. Ел бойынша ЖІӨ өсуі 3,9 процентті құрады. Жалпы экономиканың өсуі инфляциялық процестің бәсеңдеуі мен жоғары инвестициялық белсенділік аясында болып отыр. Жыл басынан бері инфляция 2,4 процент болды. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 проценттік тармаққа төмен», - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткішті құрады.

«Жылдық инфляция 6,2 процент деңгейінде тіркелді. Бұл – соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткіш. Өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуін сақтай отырып, өсім 5,4 процентті құрады. Өндіру өнеркәсібіне негізгі қолдауды мұнай-газ саласы қамтамасыз етті. Мұнай өндіру 6,4, ал табиғи газ өндіру 6,5 процентке ұлғайды», - деді Сүлейменов.

Айта кетсек, бүгін Үкімет үйінде 2018 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселелері қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер