BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Қазақстанда жаңа спорт федерациясы құрылуы мүмкін

Фото: Dota 2

Алдағы уақытта елімізде киберспорт федерациясы құрылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингтен кейін журналистрге ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің алдағы мақсатымыз – киберспорт федерациясын құру әрі оны Ұлттық олимпиада комитетіне және кейін Халықаралық олимпиада комитетіне мойындату. Мен – Азиялық киберспорт конфедерациясының вице-президентімін. Кеше мен Ашхабадта аталмыш конфедерацияның жаңа сайланған президентімен сөйлестім. Ол бізбен қарым-қатынас орнатуға дайын. Себебі, қазіргі таңда киберспорт қарқынды түрде дамуда. Бұл жаңа спорт түрі болғандықтан, атқарылар жұмыс көп», - деді ол.

Осы орайда Сәкен Мұсайбеков БАҚ өкілдеріне жаңа спорт федерациясының қашан құрылатын жеткізді.

«Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары жеке клубтар мен командалардың атынан аталған спорт түрінде бақтарын сынап жүр. Егер бұл спорт жаңа деңгейге шықса, онда ұлттық құрамалар да оған қатыса алады. Демек (киберспорттан – автор) Азия және Еуропа чемпионаттары әрі халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын болады. Яғни Халықаралық Олимпиада комитеті аталған спортты мойындаса, жастарды жарысқа шақырамыз. 2018 жылдың бірінші тоқсанында біз аталған жұмыстарды бітіреміз», - деп түйіндеді сөзін Сәкен Мұсайбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер