BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қазақстан халқын сумен қамтамасыз етуде 1684 жоба іске асырылды – ИДМ

Фото: ашық дереккөзден

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су тартуда 1684 жоба іске асырылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2011-2017 жылдары республикалық бюджеттен 494 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар, қала мен ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін 1684 жоба іске асырылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында сумен жабдықтауды қалаларда 97 %-ке, ауылдарда 62 %-ке, су тартуды қалаларда 97 %-ке, ауылдарда – 13%-ға жеткізу көзделген. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2011-2017 жылдары республикалық бюджеттен 494 млрд. теңге бөлінді. Қалалардағы және ауылдардағы сумен жабдықтау және су тарту саласында 1684 жоба іске асырылды», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, 2011-2017 жылдары халықты сумен жабдықтау қолжетімділігі жоспардан асыра орындалды.

«2011-2017 жылдары халықты сумен жабдықтау қолжетімділігі: қалаларда 82 %-дан 93,8 %-ке дейін (жоспарда 90 %)(11,8%-ке); ауылдарда 42,5%-тен 57,4 %-ке дейін (жоспарда 55 %)(14,9 %-ке) өсті. Орталық су тарту жүйесіне қолжетімділік: қалаларда 73%-тен 88%-ке дейін (15%-ке); ауылдарда 8,8%-тен 11,5%-ке дейін (2,7%-ке) өсті», - деді ол.

Министр 2025 жылға дейін қалаларды орталық сумен жабдықтау 100% болатын жоспар бекітілгенін атап өтті.

«Биыл Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілді. Осыған байланысты халықты орталық сумен жабдықтау үшін қалаларды 100%, ауылдарды 80% қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және аталған жұмыстарға жыл сайын барлық қаржы көздерінен 100 млрд. теңгеге дейін қаражат қарастыруды тапсырды», - деді Қасымбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Маусым 2018, 10:35
ҚАҒАЗБАСТЫ ҚАЗАҚСТАН!
Пікірлер