BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қаңтар-ақпан айларында инфляцияның ең төменгі көрсеткішіне қол жетті – министр

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында инфляция 1,3%-ды құрап, соңғы үш жылдағы ең төменгі мәнге қол жетті. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысы кезінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ағымдағы жылғы екі айдың қорытындысы бойынша орнықты өсу серпіні сақталып отыр. Барлық негізгі индикаторларға қол жеткізілді. Макроэкономика бойынша, есепті кезеңде ЖІӨ 4%-ды құрады. 2017 жылғы осындай кезеңде 2,5%-ды құраған болатын. Мұндай серпін өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы өсумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, инвестициялар және ішкі тұтыну да өсті. Инфляция баяулап, жылдың басынан бері 1,3%-ды құрады. Бұл соңғы үш жылдағы инфляцияның ең төменгі мәні болып табылады», - деген министр жылдық шамада инфляция 6,5%-ды құрағанын да атап өтті.

Т.Сүлейменовтің мәліметі бойынша, ағымдағы жылғы екі айда елдің халықаралық резервтері 2%-ға, яғни 90,8 АҚШ долларына дейін ұлғайған болса, алтын валюта резервтері 2,2%-ға немесе 31,4 млрд АҚШ долларына дейін өскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер