USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Халықаралық қаржы ұйымдарынан сумен қамтуға 17,9 млрд теңге тартылды – Қ.Бишімбаев

Фото: BNews.kz

Халықаралық қаржы ұйымдарынан елімізді сумен қамтамасыз етуге 17,9 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ақбұлақ» жобасы жүзеге асырылған 2011-2015 жылдар аралығында орталық су жүйесімен қамту қалаларда 5 %-ға, ауылдарда 9%-ға дейін өсті. Орталық су бұру жүйесі қалаларда – 8%, ауылдарда 2,2% ұлғайды. Су құбырларының тозуы 6,1 %-ға төмендеді.Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 396,7 млрд теңге бөлінді. Ауылдар мен қалаларда су бұру жүйесі саласында 1393 жоба жүзеге асырылды. «Нұрлы жол» және өңірлерді дамыту бағдарламалары арқылы 75 жобаны жүзеге асыру үшін 62,1 млрд теңге бөлінді. Халықаралық қаржы және өзге де ресурстарды тарту тетіктері енгізілді. Бүгінгі таңда xалықаралық қаржы ұйымдарынан 17,9 млрд теңге тартылды»,- дейді Қ.Бишімбаев.

Министр Еуропа қайта құру және даму банкі еліміздің 4 аймағында су арналарын салуға қаржы бөлетінін айтты.

«Коммуналдық және жекеменшік су арналары xалықаралық қаржы ұйымдарынан ақша тарту және ұлттық қордан қаржыландыру арқылы іске асырылады. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады. Бүгінгі таңда Еуропа қайта құру және даму банкі келісімдерге қол қойған 4 су арнасының жобасын дайындап жатырмыз. Олар: Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен су арналары. Қаладағы су арналарын бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін құру үшін Қазақстанның даму институттары, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингінің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады», -дейді министр.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады